Заңгерлер exit poll нәтижелерін жариялауда неден сақ болу керектігін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан заңгерлер одағы exit poll нәтижелерін жариялаудың тәртібі заңда қалай қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбайдың айтуынша, экзитпол нәтижелерінің барынша шынайы екеніне көз жеткізудің маңызы зор.

«Азаматтардың бір-бірінен кімге дауыс бергенін сұрауға құқығы бар. Ал оны айту немесе айтпау әркімнің өз еркінде. Exit poll деректерін ресми түрде жарияламас бұрын оның қандай көздерден алынғанын мұқият тексеру қажет. Кандидаттардың бірі сол экзитпол деректеріне қарсылық білрдіріп, БАҚ нысанына қарсы шағым түсіре алады. Ол шағымы дәлелденсе, заң алдында жауап беруге тура келеді», - дейді заңгер.

С.Ақылбай азаматтар арасындағы жекелей сауалнамаларға бұл талаптың қатысы жоқ екенін ескертті. Яғни, таныстарының кімге дауыс бергенін жариялауға заң тыйым салмайды.

Соңғы жаңалықтар