Заңгерлер тұрғындарға тегін көмек көрсетеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының Заң кеңесшілер палатасы тегін онлайн көмек көрсетуде. Білікті құқықтанушылар әлеуметтік жәрдемақы алу, азаматтық құқықтар бойынша сауалдарға жауап береді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.
Карантин кезінде Нұр-Сұлтан Заң кеңесшілер палатасы заңгерлік әлеуметтік көмек көрсетуді жалғастыруда.
Бұдан былай тұрғындар Telegram мессенджерінде көпшілік чат арқылы онлайн-форматта құқықтық кеңес ала алады.
«Біздің заңгерлеріміз сұрақтарға жауап береді және барлық сауал иелеріне 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы ресімдеу, карантин кезінде кәсібін жүргізу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ отбасылық, еңбек, салық дауларына қатысты, т.б. өзекті мәселелер бойынша заңнамалық көмек көрсетеді. Барлық қызметтер тегін және тәулік бойы қолжетімді. Аталған қызметті заңгер көмегіне мұқтаж адамдарға хабарландыруға көмек көрсетулеріңізді сұраймыз», – делінген Палата хабарламасында.
Нұр-Сұлтан Заң кеңесшілер Палатасының Telegram-дағы тобы. Көмек алу үшін мына сілтемеге басыңыз.