17:33, 16 Мамыр 2012 | GMT +5
Заңгерлерді кәсіби топтастыру қажеттілігі туындап отыр - Иоган Меркель
АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Заңгерлерді кәсіби топтастыру қажеттілігі туындап отыр. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан Заңгерлердің І республикалық съезінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель айтты.

«Заңгерлерді кәсіби топтастыру, сондай-ақ олардың қызмет бағыттарына қарамастан заңгерлер қызметінің жалпы саясаты мен бірыңғай стандарттарын әзіреу қажеттігі туындап отыр», - деді ол.
Оның пайымынша, бүгінгі таңда мәселелерді шешу барысында заңгерлік қоғамдастықтар арасында бірқатар ұстанымдар бойынша ортақ келісімге келу оңай еместігі құпия емес. Көп ретте ведомствоішілік мүдделер тоқайласып жатады.
«Осы съезд және заңгерлердің бірлестігі оның ішінде соттар одағы, прокурорлар қауымдастығы, адвокаттар одағы, республикалық нотариалдық палата сынды қоғамдық бірлестіктер мен тәжірибеден өтіп жүрген заңгерлер мемлекет ісіндегі заңгерлік қоғамдастыққа қатысу арқылы оң ықпал етеді деп ойлаймын», - деді И. Меркель.