«Заңнама институты» ЖШС мемлекеттік мекемеге айналды - Р.Түсіпбеков

АСТАНА. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - «Заңнама институты» ЖШС-ның ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік мекемеге өзгерді. Бұл туралы министрліктегі көшпелі Үкімет сағаты барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары алдында сөйлеген сөзінде ҚР Әділет министрі Рашид Түсіпбеков айтты.

«Заңнама институты» ЖШС мемлекеттік мекемеге айналды - Р.Түсіпбеков

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және заңшығармашылық қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Үкіметтің 2010 жылғы қаңтардың 22-сіндегі қаулысымен «Заңнама институты» ЖШС-ның ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік мекемеге өзгерді. Соның нәтижесінде коммерциялық ұйым ғылыми-зерттеу орталығына айналды», - деді Р.Түсіпбеков.

Министр Заңннама институтына ерекше ведомствоаралық мәртебе берілгенін, заңнамалық бастамалардың барлық субъектілерінің заңжобасы қызметін ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз етуге тиіс екенін атап өтті. Оның негізгі негізгі мақсаты - заңдар, ғылыми тұжырымдамалар жобасын әзірлеуге қатысу, мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласында іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу болмақ.

Р.Түсіпбековтің айтуынша, Заңнама институты сапалы кадр құрамымен қамтылған, мұнда 15 ғылым докторы, 22 ғылым кандидаты және 6 заң магистрі жұмыс істейді.