Заңнамалық актілерге сыбайлас жемқорлыққа себепші болатын қарама-қайшылықтарды жою мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа себепші болатын әртүрлі заңнамалық актілер мен нормалардың құқық нормалары арасындағы қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, қақтығыстарды жою жөнінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.