Заңнамалық жұмыстардың маңызды аспектісі - «жасыл экономикаға» көшу үшін құқықтық жағдай жасау - Елбасы

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Заңнамалық жұмыстардың маңызды аспектісі - жаңаратын энергетика мен экологиялық таза технология негізделген «жасыл экономикаға» көшу үшін құқықтық жағдай жасау.

Заңнамалық жұмыстардың маңызды аспектісі - «жасыл экономикаға» көшу үшін құқықтық жағдай жасау - Елбасы

Бұл туралы  бүгін ҚР Парламентінің бесінші шақырылымының екінші сессиясының ашылуы барысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

Өз сөзінде аграрлық, индустриалды-инновациялық және қаржы секторларына жаңа заңнамалық нормалар енгізу маңыздылығына тоқталған Мемлекет басшысы: «Заңнамалық жұмыстардың маңызды аспектісі - жаңаратын энергетика мен экологиялық таза технология негізделген «жасыл экономикаға» көшу үшін құқықтық жағдай жасау. Біздің «Жасыл көпір» жаһандық бастамамыздың мәні де осында», - деді.

Сондықтан да Елбасы энергия және суды үнемдеу, «жасыл технологияларды» пайдалану, экологиялық туризмді дамытуды заңнамалық ынталандыруды кеңейту қажеттігін баса айтты.