Заңсыз әкелінген бұйымдар алтын ба, әлде...
СТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат - Қазанның 20-сында Ақтау халықаралық әуежайында кедендік тексерістерді жүзеге асыру кезінде «Ыстамбұл-Ақтау» рейсінің үш жолаушысынан кеден қызметкерлерінен жасырылған сарғыш металдан жасалған әшекей бұйымдар табылды,
деп хабарлайды Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Тәркіленген заттар: 331 дана сақина, 90 жұп сырға, 14 дана алқа, 2 дана мойынтұмар мен 1 дана білезік.
Кеден заңнамасын бұзушылар Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болып шықты.
Қазір тиісті сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалатын болады.