Заңсыз алтын өндірген шахтерлердің басым бөлігі құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында құтқарушылар жабық шахтада алтынды заңсыз өндірумен айналысқан бір топ шахтерді жер астынан алып шықты.
Әзірге қанша адамның құтқарылғандығы жайында нақты ақпарат жоқ, алайда алдын ала ақпарат бойынша жер астында тағы 12 адам қалып отыр.
Атап айтқанда, сенбіде апат салдарынан шахтада 200-ден астам адам қамалып қалды, бірақ олардың көбі заңсыз кәсіптері үшін тұтқындалуы қаупінен бастапқыда жер үстіне шыққылары келмеді.
Жер астында қалған шахтерлер тапқан алтындарының тәркіленетінін біліп, шахтадан шығудан бас тартып отыр.
Айта кетейік, бұл ескі шахта Йоханнесбургтен шығысқа қарай орналасқан Бенони қаласы маңында орналасқан.