Заңсыз айналымнан 118 келі есірткі заттары алынды - КІІД

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - 2012 жылы заңсыз айналымнан 118 келі әртүрлі есірткі заттары алынды.

Заңсыз айналымнан 118 келі есірткі заттары алынды - КІІД

Бұл туралы бүгін Көліктегі ішкі істер департаменінің брифингінде КІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы, полиция майоры Жанболат Мырзақасымов мәлім етті.

 Жанболат Бекмұханұлының айтуынша, басқарма қызметкерлері 2012 жылғы 1-тоқсанда есірткі заттарының заңсыз айналымы қылмыстарын анықтау бойынша нақты жұмыстар атқарды.

 Сонымен, ағымдағы жылдың өткен тоқсанында Көліктегі ІІД  есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 118 қылмысты анықтаған. Оның ішінде есірткі сатудың - 65, контрабандалық жолмен алып өтудің 3 фактісі тіркелген. Заңсыз айналымнан 118 келі әртүрлі есірткі заттары алынды.

 «Жалпы есеп беру кезеңінде есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 37 адам ұсталды, оның ішінде 26 адамға қатысты «Қамауға алу» бұлтартпау шарасы қабылданды. Әкімшілік тәжірибе бойынша ағымдағы жылғы 1-тоқсанда есірткінің заңсыз айналымына байланысты 72 құқық бұзушылық анықталды», - дейді Ж. Мырзақасымов.