07:31, 12 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Заңсыз банк банкротқа ұшырап, бірнеше мың салымшы алданып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда осы кезге дейін заңсыз түрде жұмыс істеп келген ірі банк кенеттен тақырға отырды. Салдарынан бірнеше мыңдаған салымшы алданып, қомақты қаражатынан айрылды, деп жазады 24.kz.
Қазір аталған банктің қарызы 405 млн. АҚШ долларына жеткен. Негізі бұл қаржылық институт қытайлық «Гаоши» компаниясына қарасты банк болып шықты. Ол қазан айында қаржы жағынан тығырыққа тіреліп, салған ақшасын қайтара алмаған клиенттерден шағым түсе бастаған. Банк мемлекеттік мекемеге тиесілі ғимаратта орналасқандықтан, «ол үкіметтің бақылауында екен» деп ойлаған салымшы халық санын соғып қалды. Енді ақшасын кері қайтаруды өтініп жалынған оларды полицейлер банк ғимаратына кіргізбей отыр.