Заңсыз елік атқан мемлекеттік инспектор ұсталды
«Сапсан» жедел тобы «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында ГАЗ-69 автокөлігін ұстады. Автокөліктің иесі және жүргізушісі «Бұйратау» МҰТП-нің мемлекеттік инспекторы екендігі анықталды. Автокөлікті тексеру барысында 16 калибрлі мылтық, басы кесілген елік, жарық іздегіш, дүрбі, «Бұйратау» деген жазуы бар радиоқабылдағыш тәркіленді», - делінген министрліктің ақпаратында.
Айта кетерлігі, «Сапасан» жедел тобы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімдері мен ведомстволық ұйымдарына ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін құрылған. Жедел топтың негізгі міндеттері - жануарлар дүниесін, орман шаруашылығын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру және қажет болған жағдайда лауазымды тұлғалардың осы салаларда құқық бұзушылықтарын анықтау немесе жолын кесу болып табылады.
Жедел топ 12 адамнан тұрады, 4 автокөлікпен, заманауи байланыс құралдарымен, соның ішінде спутниктік байланыспен, біркелкі киіммен және сервистік қарумен жабдықталған.