Заңсыз майнингпен күрес энергия шығынын 1,4 пайыз төмендетті - министр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Заңсыз майнингпен күрес елдегі энергия тұтыну көлемін былтырғымен салыстырғанда 1,4 пайыз төмендеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заңсыз майнингпен күрес энергия шығынын 1,4 пайыз төмендетті - министр

Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында мәлім етті.

«Қазіргі уақытта біртұтас энергетикалық жүйе тұрақты жұмыс істейді. 16 қазанда экспортты ескергеннің өзінде энергия өндіру 86,9 млрд КВт/сағ құрады. Тұтыну көлемі - 86,8 млрд КВт/сағат. Бұл былтырғыдан 1,4 пайыз төмен. Тұтынудың төмендеуі көбіне майнинг бойынша заңсыз қызмет іске асырған тұлғаларды анықтау бағытында жүргізілген жұмыстарға байланысты»,- деді Болат Ақшолақов.




Фото: fasthash.io