Заңсыз ойын бизнесін ашқан қостанайлық сотталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында заңсыз ойын бизнесін ашқан 27 жастағы жігітке қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қостанай қаласының тұрғыны ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі, 2-тармағы («Ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру») бойынша айыпталған.

«КСК шағын ауданында арнайы ойын терминалдарын орнатқан. Ол прокурормен процессуалдық келісімге келді», - деп хабарланды соттан.

Сот оған екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мұнымен қоса қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленді.

Сот үкімі заңдық күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар