Заңсыз ойын залдарынан алынған автоматтарlың басым бөлігі Қазақстанда жасалған - Қаржы полициясы
АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Тәжірибе көрсеткеніндей, заңсыз ойын залдарынан алынған ойын автоматтарының басым бөлігі Қазақстанда жасалған.
Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен брифинг барысында ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
«Ойын автоматтарының өзі ішіндегі салындысы мен ағаш корпустан ғана тұрады. Оның салындысы микросхемалардан құрастырылған. Оның сыртындағы ағаш корпустарын жасау қиын емес. Мәселен, Алматы облысында бір азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол осындай ойын автоматтарын құрастырумен айналысқан. Қазір сотталды», - дейді М. Жұманбай. Оның айтуынша, ойын автоматтарының тек микросхемалары ғана шетелден әкелінуі мүмкін. Қалған бөлігінің бәрі елімізде жасырын түрде жасалады.