Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру жөніндегі заң жобасы бойынша Сенат енгізген түзетулер қабылданды

АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына Сенат енгізген толықтырулар мен өзгерістерге келісетіндіктерін білдірді,

Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру жөніндегі заң жобасы бойынша Сенат енгізген түзетулер қабылданды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырыс барысында Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Серік Оспанов аталмыш құжатқа қатысты және оның ілеспе заң жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген ұсыныстарға қатысты мәселелер жөнінде баяндады. Оның сөзіне қарағанда, заң жобалары Мәжіліске ағымдағы жылдың маусым айының 4-інде келіп түскен. «Аталмыш құжаттарға енгізілген 30 түзетудің 10-ы заң жобасының мәтінін қазақ тіліне аударуға қатысты болған. Ал қалғандары заң жобасының түпнұсқасын айтарлықтай өзгертпейді. Сенаттың түзетулерімен заң жобасын дайындаған Қаржы министрлігі толықтай келісіп отыр.