Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы заң жобасы талқыға салынады

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын бірінші оқылымға дайындап, қорытынды ұсынды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Заң жобасы заңсыз жолмен алынған кірістерді «жылыстатуға» және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің құқықтық тетігін жасау мақсатында әзірленген. Ол Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін заңсыз кірістерді заңдастыру және террористік қызметті материалдық қамтамасыз ету үшін пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын құқықтық жағдайлар жасауға арналған.Заң жобасымен жұмыс жасау барысында депутаттар күдікті операцияның анықтамасы мен оның өлшемдерін енгізуге, міндетті қаржы мониторингіне жататын операциялар сомаларын ұлғайтуға қатысты және басқа да түзетулер енгізді. Палатаның талқысына ұсынылатын қорытынды салыстырма кестеге депутаттардың 65 түзетуі енгізіліп отыр.
Соңғы жаңалықтар