Заңсыз жұмыс істеп келген автобекет анықталды
АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мәскеуде заңсыз автобекет анықталды. Рейдті жылжымайтын мүлік жөніндегі инспекторлар жүргізді,
деп хабарлайды ресейлік БАҚ.
Измайлов ауданында ауқымды аумақта орналасқан бекеттен түрлі бағыттарға халықаралық автобустар кесте бойынша тұрақты қатынап тұрған. Тасымалдаушылар Измайлов орманы бағы жанындағы қорғалатын табиғи аймақта орналасқан.
Заңсыз бинестің кімге тиесілі екендігі белгісіз. Енді тұрақ территориясы орман бағына қосылып, ағаш егілетін болады.