Занзибар аралында кеме апатқа ұшырап, 62 адам мерт болды, 80-нен астамы із-түзсіз жоғалды

АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат -Үнді мұхитының Занзибар жағалауында іздестіру шарасы барысында 62 адамның мәйіті табылды.

Занзибар  аралында кеме апатқа ұшырап, 62 адам мерт болды, 80-нен астамы із-түзсіз жоғалды

 Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні бұл жерде "Скагит/Калама"кемесі апатқа ұшыраған болатын. 80-нен астам адам осы уақытқа дейін іс-түзсіз жоғалғандардың тізімінде, абырой болғанда 145 адам құтқарылды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Кеменің бортында 280-нен астам жолаушы, сондай-ақ 6 экипаж мүшесі болған.

Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында осы ауданда "Спайс айлендерс" кемесі батып кетіп, 240-тан астам адам құрбан болған еді. Ол кезде кеме аударылып кеткен болатын.