Запастағы 140 жауынгер инженерлік әскерлердің «Жағалау» оқу орталығында өз әскери білімдері мен дағдыларын ортаға салады - Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Қапшағайдағы Инженер әскерлерінің «Жағалау» оқу орталығында қыркүйектің 15-інде запастағы 140 әскери міндетті өздерінің әскери кәсіби білімдері мен тәжірибелерін ортаға салады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Үкіметтің шешімімен үстіміздегі жылы, мотоатқыштар, арнайы әскерлер, авиация, әуе шабуылына қарсы және байланыс, барлығы отыз төрт мамандық бойынша 1200 әскери міндетті, келесі жылы 2000 әскери міндетті арнайы дайындықтан өтетіндігін еске саламыз.

Инженер әскерлері - бұл алғы шептегі әскерлер. Соғыс кезінде шабуылды бастайтын да дәл осы инженер әскерлері. Олар мотоатқыштар мен танкистердің алға жылжуын қамтамасыз етеді.

Аталмыш әскер тегі өте қызықты арнайы әскер тегі. Олар соғысты жүргізудің жаңаша құралдарын бірінші болып игеріп, армияның кәдесіне жаратқан. Әскери инженерлер миналанған жерлерді, ғимараттарды,жолдарды, аэродромдарды, стансалар мен көшелерді тазартып, әскерлердің қалыпты қозғалысын қамтамасыз етеді.

Инженер әскерлерінің ең басты міндеттерінің бірі соғыс болатын аймаққа мина мен кедергілер, тікенек сымдар орнату, танкіге қарсы орлар қазу, баррикадалар тұрғызып оны ұстап тұру. Инженер-жауынгерлер жаудың алға жылжуына кедергі келтіру үшін жолдар мен көпірлерді бұзып, су, газ, электрмен қамтамасыз ету жүйелерін істен шығарады. Cонымен бірге олар судағы бөгеттерден өту үшін өткелдер жасайды, әскерлер мен нысандарды жасырып, әскерлерді сумен қамтамасыз етеді.

Инженер әскерлері оқу орталығы базасында жиынды өткізу жоспарына сәйкес резервтегі әскери міндеттілер мен запастағы әскери қызметшілер миналарды залалсыздандыру, танкіге қарсы жарылатын миналарды қоюды, сумен қамтамасыз ету пункттерін жабдықтауды және басқа да инженерлік шараларды жүзеге асыруды оқып-үйренеді.

Соңғы жаңалықтар