Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы - Үкімет қаулысы

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Үкімет Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы қаулыны қабылдады.
None
None

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Астана, Үкімет Үйі, 2012 жылдың 28 сәуірінен, №557  

Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2012 жылы екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қосымшаның мәтіні республикалық БАҚ-да жарияланды

Соңғы жаңалықтар