Зарина Диас Қытайдағы турнирдің финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теннисші аруымыз Зарина Диас Қытайдағы ITF Women's Circuit турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отандасымыз жартылай финалда қытайлық теннисші Лу Цзинцзиньді 6:1, 6:4 есебімен қапы қалдырды.
Енді Зарина Диас финалда Ли Я Хсуаньмен кездеседі. Турнирдің жүлде қоры 25 мың долларды құрайды.
Естеріңізге салайық, Зарина Дияс бұған дейін жапониялық Аяно Шимицудан басым түссе, бірінші айналымда қытай теннисшісі Ао Гаиді (535) екі сетте 6:3, 7:5 есебімен ұтты. Екінші раундта жерлесіміз жапониялық теннисші Мияби Инуэні (543) 6-4 6-3 есебімен жеңді. Ал ширек финалда жерлесіміз тағы бір жапониялық теннисші Миникошиді екі сетте 0:6 1:6 есебімен ойсырата ұтты.