Зарина Диас Мәскеу турнирінің ширек финалына шықты

АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Диас Мәскеуде өтіп жатқан WTA сериясының турнирінде сәтті өнер көрсетуде.

Зарина Диас    Мәскеу   турнирінің  ширек финалына  шықты

Ол екінші айналымда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, қазір WTA рейтингінде жетінші орында тұрған сербиялық Елена Янковичті жеңді. 59 минутқа созылған ойын 6:1, 6:2 есеппен, қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды.

Ширек финалда Зарина Диас WTA рейтингінде 24-ші болып тұрған ресейлік Мария Кириленкомен кездеседі.