Зарина Диас Наньнин турнирінің ширек финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші қыз Зарина Дияс Қытайда өтіп жатқан «Наньнин ITF» турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Зарина Диас Наньнин турнирінің ширек финалына шықты

Қытайдың Наньнин қаласында өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры 25 мың АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды dodasport.kz.

Естеріңізге сала кетсек, Зарина Дияс бұған дейін жапониялық Аяно Шимицудан басым түссе, бірінші айналымда қытай теннисшісі Ао Гаиді (535) екі сетте 6:3, 7:5 есебімен ұтты. Екінші раундта жерлесіміз жапондық теннисші Мияби Инуэні (543) 6-4 6-3 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, отандасымыз ширек финалда тағы бір жапониялық теннисші Миникошимен күш сынасады.