Зарина Дияс АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына өте алмай қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - AFP©Қазақстандық теннисші Нью-Йоркте өтіп жатқан жұптық разрядтағы АҚШ ашық чемпионатының (US Open) жартылай финалына өте алмай қалды, деп хабарлады Vesti.kz.

Зарина Дияс АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына өте алмай қалды

¼ финалда қытайлық И Фань Сюймен жұптасқан Зарина Диас үшінші нөмірлі Үндістандық Сания Мирза және Зимбабведен келген Кара Блэек жұбымен кездесті. Бірінші партияда қазақстандық-қытайлық жұп 1:6 есебімен есе жіберді. Сондай-ақ екінші партияда да (1:0) жеңілуге мәжбүр болып, қарсыласының пайдасына ойынды жалғастырудан бас тартты. Матч 48 минутқа созылды.

Осылайша, Зарина Дияс US Open-дегі ойынын аяқтады.