Зарина Дияс әлемнің 34-ші ракеткасы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс рейтингте 37 орыннан үш сатыға көтеріліп (34 орын), әлем теннисінің кезекті биігін жаулады, деп хабарлады sports.kz.

Зарина Дияс әлемнің 34-ші ракеткасы атанды

Қазақстанның келесі өкілі - Ярослава Шведова бір сатыға төмендеп, 68-орынды қанағат тұтты.

Юлия Путинцева болса, 12 сатыны еңсеріп, 110-шы орынға көтерілді.

13 қазандағы WTA рейтингі:

1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 8545 ұпай,

2 (2). Мария Шарапова (Ресей) - 6680

3 (3). Симона Халеп (Румыния) - 6246

4 (4). Петра Квитова (Чехия) - 6126

5.(5). Ли На (Қытай) - 5020

6 (6). Агнешка Радванска (Польша) - 4650

7 (7). Эжени Бушар (Канада) - 4523

8 (9). Ана Иванович (Сербия) - 4435

9 (8). Каролин Возняцки (Дания) - 4215

10 (10). Ангелика Кербер (Германия) - 3745

34 (37). Зарина Дияс (Қазақстан) - 1440

68 (67). Ярослава Шведова (Қазақстан) - 815

110 (122). Юлия Путинцева (Қазақстан) - 514.