Зарина Дияс әлемнің 4-ші ракеткасымен күш сынасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Зарина Дияс Қытайдың Гонконг қаласында өтетін теннистен ашық турнирде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зарина Дияс әлемнің 4-ші ракеткасымен күш сынасады

Зарина WTA аясында өтетін турнирді бірінші айналымнан бастайтын болады, оның қарсыласы әлемнің 4-ракеткасы украиналық Элина Свитолина.

Айта кетейік, «Hong Kong Tennis Open» турнирінің жалпы жүлде қоры 500 мың АҚШ долларын құрайды. Бәсеке 7-15 күні аралығында Гонконг қаласында өтеді.

Еске сала кетсек, Зарина Дияс жаңарған WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде 37 орын жоғарылап, 63-орынға табан тіреді.