Зарина Дияс әлемнің ең танымал 50 теннисшісінің қатарына кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WTA Зарина Диясты әлемдегі ең танымал 50 теннисшінің қатарына енгізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Зарина Дияс әлемнің ең танымал 50 теннисшісінің қатарына кірді

Ұйымның ресми сайтында аяқталған маусымның ең танымал 50 теннисші әйелдердің соңғы ондығының тізімі жарияланды.

«Дияс - WTA-ның талантты жұлдыздарының бірі ғана емес, ол сондай-ақ жыл басында әлемде 31-ші орынға қол жеткізіп, осы аптада танымалдылық бойынша үздік 50 теннисші әйелдің арасында 46-шы орынға тұрақтаған Қазақстандағы № 1 ойыншы», - делінген WTA сайтында.