Зарина Дияс Алматыда жас теннисшілермен шеберлік сағатын өткізді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстандық ойыншы Зарина Дияс Алматы қаласында жас теннисшілермен шеберлік сағатын өткізді.

Зарина Дияс
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

ЦСКА теннис орталығында Зарина әрбір қатысушымен доп қағысып, жеке кеңестерін берді.

«Балалармен ойнағаныма өте қуаныштымын. Олардың тенниске деген қызығушылығы өте жоғары. Қазақстанда теннис қарқынды дамып келеді. Сондықтан елімізден көптеген чемпиондар шығатынына сенімдімін. Шеберлік сағатына балалар мен ата-аналардың көптеп келгені қуантады», - деді Зарина Дияс.

Шеберлік сағатынан кейін Зарина өз жанкүйерлеріне қолтаңбасын таратып, суретке түсті. Сондай-ақ алдағы жоспарларымен бөлісті.

Зарина Дияс
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Юрий Щукиннің Билли Джин Кинг кубогінің Жапониямен сырт алаңда 12-13 сәуірде өтетін іріктеу матчына қатысу үшін Заринаны командаға қосқаны белгілі. Жарақатына байланысты ұзақ үзілістен кейін З.Дияс ел намысын қорғамақшы. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Мексикада аса тартысты матчта германиялық теннисшіні ұтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Майами турнирінде ширек финалға шыққан барлық теннисшілер анықталды.

Соңғы жаңалықтар