19:05, 03 Маусым 2009 | GMT +5
Зарина Дияс Франциядағы «Ролан Гаррос» теннис турнирінің 1/8 кезеңіне өтті
АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Теннистен Францияда өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінде жасөспірімдер арасында бақ сынап жатқан қазақстандық спортшы жарыстың келесі кезеңіне өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жарыстың 1/16 кезеңінде Зарина голландиялық Лесли Керкхоувты (6:4, 6:4) тізе бүктірді. Ол бұған дейінгі сайыста норвегиялық Улрикке Эйкиреден (6:2, 6:1) басым түскен болатын. Мамырдың 31-і күні өз жалауын көтерген бұл байрақты бәсеке маусымның 7-сіне дейін созылмақ. Онда алматылық Зарина Дияс ресейлік Валерия Савинамен жұптасып өнер көрсетуде американдық Кристина Макхейл мен Слоан Стивенстен 6:7 (2:7), 5:7.есебімен ұтылып қалды. 1993 жылы туған З. Дияс қазіргі таңда Қазақстан Теннис федерациясының рейтингінде әйелдер арасында Ярослова Шведова, Галина Воскобоева мен Сесиль Каратанчевадан кейінгі 4-ші орында тұр.