Зарина Дияс Индиан-Уэллстегі турнирдің үшінші айналымына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зарина Дияс АҚШ-тағы Индиан-Уэллсте WTA сериясы турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлады Sports.kz.
Екінші раунд матчында Зарина екі сетте де хорватиялық Донна Векичті 6:3, 6:3 есебімен ұтты.
Үшінші айналымда қазақстандық теннисшінің қарсыласы Серена Уильямс (АҚШ) - Моника Никулеску (Румыния) ойынының жеңімпазымен кездеседі.