Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Зарина Дияс Қытайдағы турнирде Шараповамен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Мария Шараповамен кездеседі, деп хабарлайды Sports.kz.

 Зарина Дияс Қытайдағы турнирде Шараповамен кездеседі
Қазіргі кезде WTA рейтингінде 59-шы орында тұрған ресейлік спортшы Мария Шарапова Қытайда өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына шықты.

Ол 1/4 финалда қазақстандық Зарина Дияспен кездеседі.

Еске сала кетейік, аталған халықаралық турнирдің екінші айналымында әлемнің 66-ыншы ракеткасы Зарина Дияс 35-орында тұрған Чжан Шуаймен кездесіп, оны жеңген болатын.