Зарина Дияс Манчестердегі халықаралық турнирдің финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Манчестерде (Ұлыбритания) өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына шықты, деп жазады Массагет.кз.

Зарина Дияс Манчестердегі халықаралық турнирдің финалына шықты

Отандасымыз жартылай финалда ұлыбританиялық Наоми Броудиді жеңді. 1 сағат 24 минутқа созылған ойында Зарина Дияс қарсыласын екі сет қорытындысы бойынша жеңіп шықты.

Бірінші сетте 6:3, екінші сетте 6: есебімен айласын асырды. Қазақстандық тениисші финалда Беларусь елінің теннисшісі Арина Соболенко мен серб Александра Крунич арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. Зарина қазіргі WTA рейтингінде 207-орында келеді.