Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Зарина Дияс Майамидегі жарыстың екінші кезеңіне шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс пен Юлия Путинцева Майамидегі WTA турнирінде бірінші кездесулерін өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зарина Дияс Майамидегі жарыстың екінші кезеңіне шықты

Зарина жарыстың бірінші айналымында жергілікті теннисші Дженнифер Брэдиден басым түсті - 7:5, 7:6. Енді ол келесі айналымда ресейлік Светлана Кузнецовамен күш сынасады.

Юлия Путинцева болса турнирдің 1/64 финалында румыниялық Моника Никулескуден айласын асыра алмады (2:6, 4:6).