Зарина Дияс Нью-Хэйвендегі турнирді жеңіліспен бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Нью-Хэйвенде әйелдер арасындағы «Connecticut Open» турнирі басталды, деп хабарлады Sports.kz.

Зарина Дияс Нью-Хэйвендегі турнирді жеңіліспен бастады

Қазақстандық Зарина Дияс жарыстың бірінші айналымында румыниялық Ирина-Камелия Бегуден 5:7, 7:5, 2:6 есебімен жеңілді.

Ойын нәтижесі 2:1 есебімен Бегудің пайдасына шешілді.

Айта кетсек, бір жыл бұрын да бұл турнирде ол Заринадан басым түскен болатын.