23:33, 07 Маусым 2014 | GMT +5
Зарина Дияс Ноттингемде турнирдің финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Астана уақытымен жұмадан сенбіге қараған түнде Ноттингемдегі жүлде қоры 75 мың долларлық ITF сериясы турнирінде жекелей разрядта финалға шықты, деп хабарлады Sports.kz.
Жартылай финалда Дияс Портуғалия өкілі Мишель Ларшер де Бритоны 6:2, 7:5 есебімен ұтты. Қазақстандық спортшының финалдағы қарсыласы жартылай финалда турнирдің сегізінші ракеткасы - британдық Джоханну Контуды 6:3, 7:5 есебімен жеңген чех теннисшісі Кристина Плискова.
Өткен жылғы Куала-Лумпурдегі турнирде Дияс чех теннисшісі Плисковадан 1:0 есебімен басым түскен болатын.