Зарина Дияс: Өкінішке орай, жақсы ойын көрсете алмадым

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Australian Open сынында Мария Шараповамен кездесуі туралы мәлімдеме жасады. Бұл ойында ол 1:6, 1:6 ұпаймен жеңілген, деп хабарлады Sports.kz.

Зарина Дияс: Өкінішке орай, жақсы ойын көрсете алмадым

«Өкінішке қарай, бүгін жақсы ойын көрсете алмадым, алайда бұл маусымның жақсы басталуы. Маған жанкүйер болғандарға алғысымды білдіремін! Қолдау көрсететіндеріңіз мені қуантады, рахмет! Алға, Қазақстан!» - деп жазды Зарина Instagram-дағы парақшасына.