Зарина Дияс пен Ярослава Шведова WTA рейтингіндегі орындарын сақтап қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемдегі үздік теннисшілердің рейтингін жаңартты, деп жазады sports.kz.
Жаңартылған WTA рейтингісінде Ярослава Шведова мен Зарина Дияс бұрынғы орындарында қалды, ал Юлия Путинцева екі сатыға көтерілді.
Еске сала кетейік, өткен аптада біздің теннисшілер «Азия / Океания» Федерация Кубогында шеберлігін көрсеткен. Қытай, Тайланд және Тайпей құрамаларын жеңген қыздар жапондық құрамадан ұтылды. Осыдан кейін олар сындағы бәсекесін тоқтатты.
9 ақпандағы WTA рейтингісі:
1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 9776 ұпай,
2 (2). Мария Шарапова (Ресей) - 8210
3 (3). Симона Халеп (Румыния) - 6571
4 (4). Петра Квитова (Чехия) - 6480
5 (8). Каролин Возняцки (Дания) - 4565
6 (7). Ана Иванович (Сербия) - 4425
7 (6). Эжени Бушар (Канада) - 4365
8 (5). Агнешка Радванска (Польша) - 4270
9 (11). Екатерина Макарова (Ресей) - 3285
10 (9). Ангелика Кербер (Германия) - 3130
33 (33). Зарина Дияс (Қазақстан) - 1420
51 (51). Ярослава Шведова (Қазақстан) - 964
111 (113). Юлия Путинцева (Қазақстан) - 510.