Зарина Дияс пен Юлия Путинцева «Уимблдон» турнирінің алғашқы күні ойнайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші қыздар Зарина Дияс пен Юлия Путинцева "Уимблдон" турнирінің алғашқы күні ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы итальяндық теннисші Флавия Пеннеттомен кездеседі. Матчтың басталуы Астана уақытымен 16:30-ға жоспарланып отыр.
Ал Путинцева алғашқы матчын Жаңа Зеландия ойыншысымен өткізеді.
Еске сала кетсек, «Уимблдон» турнирі 29 маусымда басталып, 12 шілдеге дейін жалғасады. Бұл бәсекеде Ярослава Шведова, Михаил Кукушкин және Александр Недовесов ел намысын қорғайтын болады.