15:25, 15 Шілде 2009 | GMT +5
Зарина Дияс Прагадағы теннис турнирінің екінші айналымына шықты
АЛМАТЫ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Прагада өтіп жатқан халықаралық турнирдің екінші айналымына шықты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл байрақты бәсекенің жүлде қоры 220 мың АҚШ долларын құрайды. Алматылық Зарина Дияс онда алғашқы айналымда француз Кристина Младеновичтен 6:4, 6:1 есебімен басым түскен болатын. Ұлттық рейтингте 4-ші сатыда тұрған ол екінші айналымда енді чех Петра Квитовамен сайысқа түседі. Зарина бұған дейін маусымның 29-ы мен шілденің 5-і аралығында Германияның Штутгард қаласында өткен жүлде қоры 25 мың АҚШ долларын құрайтын халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған болатын. Онда қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Полтарацкаяны, германиялық Тане Отсертаг пен Анжелика Роешты, италияндық Натали Виеринді, венгриялық Каталин Маросиді жеңген еді.