Зарина Дияс «Ролан Гаррос» чемпионатын жеңіспен бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Францияның Ашық чемпионатын («Ролан Гаррос») табысты бастады, деп хабарлайды Sports.kz.

Зарина Дияс «Ролан Гаррос» чемпионатын жеңіспен бастады

Жарыстың бірінші кезеңінде Зарина екі сетте неміс спортшысы Дина Пфиценмайерді 6:4, 6:1 есебімен ұтты.

Қазақстандық спортшының келесі айналымдағы қарсыласы Анна Каролина Шмидлова (Словакия) - Алисон ван Эйтванк (Бельгия) арасындағы ойынның жеңімпазы болмақ.