Зарина Дияс «Ролан Гарростың» бас кортына шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Францияның теннис бойынша ашық чемпионатының төртінші күнінің жарыстары өтеді, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Бәсекеде қазақстандықтардың атынан бірінші болып Зарина Дияс шығып, Филипп Шатерье атындағы орталық кортта румыниялық Симона Халеппен кездеседі. Әзірге қарсыластардың арасындағы есеп -0:2, шығысеуропалық теннис мектебінің өкілі басым болып отыр. Ойынның басталуы Астана уақытымен сағат 15:00-ге жоспарланған.

Жұптық разрядта тағы екі отандық теннисші шығады. Юлия Путинцева латыш спортшысы Елена Остапенкомен жұптасып апалы-сіңлілі Уильямстарға қарсы ойнайды.

Сегізінші кортта Ярослава Шведова мен венгриялық теннисші Тимеа Бабош енді Австралия үшін шығып отырған Арина мен Анастасия Родионовалармен бақ таластырады.

Соңғы жаңалықтар