Зарина Дияс «Роллан Гаррос» іріктеу турнирінің финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Диас словакиялық Полоно Херцогті 6:0, 6:3, есебімен жеңіп, Франция Ашық чемпионатына іріктеу турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды sports.kz.

Зарина Дияс «Роллан Гаррос» іріктеу турнирінің финалына шықты

«Роллан Гаррос» турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алу үшін Зарина америкалық Бетани Маттек-Сандспен күш сынасады. 

Осыған дейін хабарланғанындай, Зарина Дияс Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде 36 орынға көтерілді.

«Ролан Гаррос» Францияның теннистен ашық чемпионаты - «Үлкен дулыға» санатындағы 4 турнирдің бірі.