Зарина Дияс Страсбургтегі турнирдің екінші айналымына өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Франциядағы Internationaux de Strasbourg жарысының бірінші айналымынан сәтті өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Бірінші раунд матчында Зарина американдық спортшы Шелби Роджерстен басым түсіп, ойынды өз пайдасына 3:6, 6:4, 6:4 есебімен аяқтады. Есеп - 2:0.
Диястың келесі айналымдағы қарсыласы - ресейлік теннисші Алла Кудрявцева болмақ.