Зарина Дияс Таиландтағы турнирдің іріктеу сайысын сәтті өткізді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 381-ракеткасы Зарина Дияс Нонтхабури ( Таиланд) ITF W75 турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді. 

Зарина Дияс
Фото: instagram.com/zarinadiyas

Қазақстандық теннисші алдымен рейтингіде 1 358-орында тұрған корт иесі Вера Дипоемді 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңді. 

Содан кейін рейтингіде 393-сатыдағы үндістандық Вайдехи Чаудхариді жолдан тайдырды – 4:6, 6:2, 7:5. 

Осылайша, негізгі жарысқа жолдама алған Зарина Дияс алғашқы айналымда әлемнің 310-ракеткасы, америкалық Анна Роджерспен кездеседі. Бұл матч 8 қаңтарға белгіленген. 

Ноутхабури додасының жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған. Онда рейтингіде 228-орындағы қытайлық Есинь Ма бірінші ракетка болып тіркелген.

Жарыс 12 қаңтарда мәресіне жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Аделаидада Олимпиаданың күміс жүлдегерін жеңгенін жазған болатынбыз.

Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде жеке рекордына қол жеткізді.

17 жастағы Әмір Омарханов әлемдік рейтингіде төртінші орынға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар