Зарина Дияс «US Open» турнирінің алғашқы ойынында жеңіліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ-тың теннистен ашық чемпионатында қазақстандық Зарина Дияс жарыс жолынан шығып қалды, деп жазады Sports.kz.
None
None

Қазақстандық Зарина Дияс жекелей сында словениялық Полона Херцогтан екі сетте 2:6, 5:7 есебімен ұтылды. Бұған дейін Ярослава Шведовада да жарысты ерте аяқтаған болатын. Осылайша, бұдан былай әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстан намысын тек Юлия Путинцева қорғайтын болады. Ол бірінші айналымда Украина спортшысы Катерина Бондаренкомен бәсекеге түседі.

Соңғы жаңалықтар