Зарина Дияс үздік 100 теннисшінің қатарына қайта енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс бүгін жаңартылған рейтингте үздік 100 теннисшінің қатарына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін 115-орында тұрған қазақстандық теннисші 98-сатыға көтерілді.

Бұл табысқа Зарина Дияс Жапониядағы Гифу ITF турнирінің жеңімпазы атануы нәтижесінде қол жеткізді.

Мадрид турнирін жеңіспен бастаған Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте 41-ден 43-орынға төмендеді.

Ю.Путинцева Мадрид жарысында табысты өнер көрсетсе, өз рейтингісін қайта жақсарта алады. Ол бүгін әлемнің 69-ракеткасы, франциялық Полин Пармантьемен күш сынасады.

Тағы бір қазақстандық Елена Рыбакина 134-тен 139-ға сырғыды.

Әйелдер арасындағы рейтинг көшін бұрынғыша жапониялық Наоми Осака бастаса, чехиялық Петра Квитова екінші, румыниялық Симона Халеп үшінші орында келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын тағы бір қазақстандық Дмитрий Попконың АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин бүгін Мадрид турнирінің алғашқы айналымында германиялық Филипп Кольшрайбермен шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар