Зарина Дияс WTA-ның жаңартылған рейтингінде өз орнын сақтап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) ғаламшардың үздік теннисшілері рейтингін жаңартты, деп жазады sports.kz.

Зарина Дияс WTA-ның жаңартылған рейтингінде өз орнын сақтап қалды

Сонымен, жаңартылған WTA рейтингінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс бұрынғыша рейтингтің 31-сатысындағы орнын сақтап қалды.

Рейтинг бойынша екінші қазақстандық Ярослава Шведова үш ұстанымға көтеріліп, 75-ші орынға жайғасты.

Сонымен бірге, Юлия Путинцева өткен аптамен салыстырғанда, 3 сатыға төмен түсіп, әлемдік рейтингтің 100-ТОБЫНАН шығып қалды.

13 сәуірдегі WTA рейтингі:

1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 9981 ұпай,

2 (2). Мария Шарапова (Ресей) - 7890

3 (4). Симона Халеп (Румыния) - 7571

4 (3). Петра Квитова (Чехия) - 6060

5 (5). Каролин Возняцки (Дания) - 4675

6 (6). Ана Иванович (Сербия) - 4200

7 (7). Эжени Бушар (Канада) - 4122

8 (9). Екатерина Макарова (Ресей) - 3420

9 (8). Агнешка Радванска (Польша) - 3385

10 (12). Карла Суарес Наварро (Испания) - 3340

31 (31). Зарина Дияс (Қазақстан) - 1425

75 (78). Ярослава Шведова (Қазақстан) - 735

102 (99). Юлия Путинцева (Қазақстан) - 588.