Зарина Дияс WTA турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Лозаннадағы (Швейцария) WTA турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Зарина Дияс Швейцариядан келген Симона Вальтертті екі партияда да 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.