Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің ширек финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Фукуока (Жапония) ITF W35 турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді.

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген Зарина Дияс рейтингіде 1378-орындағы жапониялық, 18 жастағы Рико Кикавадаға тап келді.
Зарина қарсыласына екі сетте де еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0, 6:0.
Кездесу небәрі 53-минутқа созылды.
Зарина Дияс жартылай финалға шығу үшін әлемнің 215-інші, осы доданың 1-ракеткасы, аустралиялық Лизетт Кабрерамен таласады. Ол екінші айналымда рейтингіде 687-сатыдағы тағы бір жапониялық Мана Кавамураны тізе бүктірді – 7:5, 7:6 (7:3). Тартысты матч 2 сағат 19 минутта бітті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Жапониядағы турнирде 16 жастағы теннисшіні ойсырата ұтқанын жазған едік.
Александр Бублик Рим мастерс турнирінің екінші айналымына өтті.