Зарина Дияс Жапониядағы жарысты жеңіспен бастады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Куруме (Жапония) ITF W50 турнирінің екінші айналымына шықты.

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін рейтингіде 959-орында тұрған жапониялық, 22 жастағы Киса Ёсиокумен өткізді.
Бірінші сетте Зарина 6:4 есебімен басым түссе, екінші сетте қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.
Кездесу 1 сағат 4 минутқа созылды.
Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін тағы бір жапониялық, рейтингіде 875-сатыдағы Лиза-Мария Риумен таласады.
Жүлде қоры 40 мың долларға бағаланған Куруме додасы 18 мамырда мәресіне жетіп, жеңімпаз анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Парма турнирінің Путинцева мен Құламбаева үшін сәтті басталғанын жазған едік.
Александр Бублик Турин турнирінде қарсыласын қапы қалдырды.